Қазақстанға Корея президенті Юн Сок Ёль келді

12 Маусым, 12:23 534

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды. Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: