Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 2,3 есе ұлғайды

14 Тамыз 2023, 21:39 1254

Биылғы қаңтар-наурыз аралығында елімізге 227,7 мың шетелдік турист келген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР МСМ мәліметінше, бұл 130 мың адамға немесе 2,3 есе көп. Салыстырмалы түрде, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қазақстанға 97 мың шетелдік келген.

Алғашқы тоқсанда ішкі туристер саны да 20%-ға артты. Қаңтар-наурыз аралығында 1 млн 348 мың қазақстандық ел ішінде саяхаттаған.

Былтыр елімізге 1 миллионға жуық шетелдік турист келді. Биыл бұл көрсеткіш 1,4 миллионға дейін өседі деп күтілуде. Бұл шетелдік қонақтардың Қазақстанға туристік бағыт ретінде қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Мәселен, жаз басталғалы Қазақстанға келген шетелдіктер саны 3 есе артты, - деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Берік Арманов
Бөлісу: