Қазақстанға Еуроодақтың қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі келеді

14 Қараша 2022, 16:31 1093

Бұл туралы СІМ ресми өкілі мәлім етті

Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель 16-17 қарашада Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды El.kz

«Сапар аясында Жозеп Боррельдің ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен және мемлекет басшылығымен екіжақты кездесулері жоспарланған. Келіссөздер барысында өзекті өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасып, тараптар Қазақстан – Еуропалық одақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылайды», - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі.

EL.KZ
Бөлісу: