Қазақстандықтарға теңгелік депозиттері бойынша өтемақы беріледі

17 Наурыз 2023, 10:51 957
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының мәліметінше, теңгедегі депозиттер бойынша өтемақы төлеуге арналған қаражат екінші деңгейлі банктерге түскен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Мемлекет тарапынан аударылған 10 пайыздық сыйақыны 2 млн 615 мың 772 адам алады.
 
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 15 наурызда банктерден салымшылардың тізімін алып, оларды операторға жолдады. Жақын күндері банктер толық төлем жасайды, - деді ҚДКБҚ төрағасының орынбасары Алмас Құдайбергенов.
 
Теңгелік депозиттер бойынша 10% өтемақы қаржы министрлігі мен Ұлттық банктің қаражаты есебінен төленеді.
 
EL.KZ
Бөлісу: