Қазақстандықтардың орташа жалақысы 434 мың теңгеге жетті

Кеше, 17:55 319

2024 жылдың соңында Қазақстанда орташа жалақы 434 982 теңгеге жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, 2024 жылғы IV тоқсандағы медианалық жалақы 308 717 теңге болған. Ал орташа жалақы 435 мың теңгеге жақындаған. Шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда, атаулы жалақының орташа мәні 434 982 теңгені құрады. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға, нақты мәнде – 1,8%-ға өскен.

Төртінші тоқсанда орташа жалақының өскені жыл соңында берілетін қосымша төлемдер және мерекелік сыйақыларға байланысты болған.

Өңірлер арасында орташа жалақы ең көп Алматы және Шымкент қалаларында – 13,6%-ға,  Қарағанды облысында – 13,2%-ға, Солтүстік Қазақстан облысында – 12,9%-ға және Ақтөбе облысында – 12,6%-ға көтерілген.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: