Қазақстандықтарды ренжіткен ресейлік әнші кешірім сұрады

23 Тамыз 2023, 14:03 956

Ресейлік рок-әнші Земфира Қазақстандағы концерттерінен соң ұйымдастырушыларға ренішін жеткіземін деп, өзі жанкүйерлер сынына ұшыраған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Концерттен соң әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырған орындаушы «Қазақстан» сөзін кіші әріппен жазып, тыңдарманының ашуын туғызды.

Үш түрлі концерт, сан-саққа жүгірген ойлар. Қазақстандағы ұйымдастырылуы өте нашар болды. Кәсібиліктің арқасында алып шықтық, - деп жазған әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Оқырмандар рок орындаушысының бұл жазбасының астында мыңға жуық пікір қалдырып, елдің атауын кіші әріппен жазғаны құрметсіздік деді.

Осыдан соң Земфира жазбаны қайта түзеп, мұны біреуді ренжіту деп емес, грамматикалық қате деп түсінуді сұрады.

Ешкімді ренжіткім келген жоқ. Пунктуация ережелерін ескерместен, тез және қысқа жазуға тырыстым. Кешірім сұраймын. Тыңдарманым ерекше ғой, Қазақстанда да дәл солай – өте жақсы күтіп алды, - деп жазды әнші. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: