Қазақстандықтар үшін канадалық визалық режимді жеңілдету мәселесі қаралды

30 Маусым 2023, 20:10 959

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Канада арасындағы СІМ-аралық саяси консультациялардың үшінші раунды өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, қазақстандық делегацияны сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров, канадалық делегацияны Канаданың Еуропа, Арктика, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка істері жөніндегі вице-министрі Сандра МакКарделл басқарды.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қазақ-канадалық қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің мәселелері бойынша пікір алмасты.

Дипломаттар бұрын қол жеткізілген саяси уағдаластықтарды іске асырудың, сауда-инвестициялық ынтымақтастықты арттырудың және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

С. МакКарделл Канада Қазақстанды Орталық Азиядағы ең маңызды іскер серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтіп, Оттава өзара қызығушылық мәселелерінің кең ауқымы бойынша екіжақты байланыстарды кеңейтуге ниетті екенін атап өтті. Ол сондай-ақ «2022 жылы 1 млрд АҚШ долларынан асқан екіжақты сауда көлемі бар Қазақстан әлемдік аренада құрметті одақтас екенін және Канада Қазақстанмен халықаралық күн тәртібіндегі көптеген басым мәселелер бойынша ынтымақтасатынын» айтты.

Сонымен қатар кездесуде канадалық визалық режимді жеңілдету және екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелері талқыланды, бұл тартылатын инвестициялар көлемін ұлғайтуға, оның ішінде азаматтардың өзара сапарларын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл екі елдің іскерлік, туристік және мәдени байланыстарына оң септігін тигізеді.

Жалпы, Қазақстан мен Канада арасындағы келіссөздер тараптардың екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.

EL.KZ
Бөлісу: