Қазақстандықтар тірі кезінде көбіне қай ағзасын донор ретінде береді

17 Ақпан 2023, 16:24 1029

Қазақстандықтар көбіне қай ағзасын донор ретінде беретіні белгілі болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық" ШЖҚ РМК ақпаратына сәйкес, кейінгі бес жылда, яғни 2018-2022 жылдар аралығында қайтыс болғаннан кейінгі донордан - 44, тірі кезіндегі донордан - 637 бүйректі трансплантаттау жүргізілген. 

Сонымен қатар, қайтыс болғаннан кейінгі донордан - 16, тірі кезіндегі донордан - 172 бауырды трансплантаттау бойынша операциялар жүргізілді.

Донорлық жүрек пен өкпе трансплантациясы тек адам қайтыс болғаннан кейін жасалады. Кейінгі бес жылда 25 жүрек трансплантациясы және 9 өкпе трансплантациясы жасалған. 

Осы деректерге сүйене отырып, осы кезеңде қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан 94 ағза трансплантациясы және тірі кезіндегі донорлардан 809 ағза трансплантациясы жүргізілген.

Сонымен қатар, транспланттау мақсатында ағзаларды беру саны бойынша ең көп бүйрек берілген: 637 - тірі кезіндегі донорлардан және 44 - қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан жасалған. 

EL.KZ
Бөлісу: