Қазақстандықтар Тайландта Италия азаматын азаптап, тонап кеткен

12 Қыркүйек 2023, 14:01 892

Қазақстандықтар ресейлік MMA балуаны Хусейн Асхабовпен және оның бауырымен сөз байласып, Пхукеттегі Италия азаматының вилласына кіріп, оны байлап, белгілі бір ақпарат алу үшін бірнеше сағат бойы ұрып-соққан, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі. 

Содан кейін қазақстандықтар Дубайға ұшып, өздерімен бірге жүздеген миллион теңге алып кеткен.Олар қазіргі таңда Қазақстанға оралған.

Ал спортшы ағасымен бірге Тайландта ұсталды. Ресми түрде олар тонау және азаптау арқылы қатыгез шабуыл жасады деп айыпталды.

Полицияның мәліметінше, италиялық азаматтан элиталық сағаттар, қымбат гаджеттер, төлқұжат, қолма-қол ақша және карта алынған. Сонымен қатар олар оның телефондары мен компьютерлеріне қол жеткізген.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: