Қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады?

16 Мамыр 2023, 18:10 2383

Қазақстандықтар визасыз режим орнатылған бірқатар елге бара алады. El.kz ақпараттық агенттігі назарларыңызға 2023 жылғы визасыз режимге енген елдердің тізімін ұсынады.

Ең ұзақ уақытқа, яғни бір жылға Грузия мемлекетіне, ал Армения, Сент-Винсент пен Гренадина сынды елдерге жарты жылға баруға болады. Ең қысқа уақыт Гонконг, Оман, Иранда 14 күндей болуға рұқсат етілген.

Бүгінде Қазақстан тағы 26 елмен өзара визасыз режим енгізу туралы келіссөз жүргізу үстінде. Оның ішінде Австрия, Сауд Арабиясы, Сан-Марино, Бахрейн сынды түрлі мемлекеттер бар.

Қытаймен де өзара визасыз режимді енгізу жоспарланып жатыр. Қазіргі таңда екі жаққа да 30 күнге визасыз кіруге болады.

Сондай-ақ бүгінде шет мемлекеттердің әуежайында визаны сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Ондай қызмет түрі Мысыр, Замбия, Маврикий, Намибия, Сейшел аралдары мен Таиландта бар. Визаның құны шамамен 17-130 долларға шығады.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: