Қазақстандықтар қарашада қалай демалады

Бүгiн, 09:37 221

2024 жылдың қарашасында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 9 күн демалады және 21 жұмыс күні болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда күздің соңғы айы мемлекеттік немесе ұлттық мерекелерсіз өтеді, сондықтан ел тұрғындары тек демалыс күндері демалады. Қарашадағы демалыс күндерінің саны жұмыс аптасына байланысты болады: аптасына бес күн жұмыс істейтіндер тоғыз күн демалады, ал алты күндік жұмыс істейтіндер тек төрт күн демалады.

Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 2, 3, 9, 10, 16, 17, 23, 24 және 30 қарашада демалады. Алты күн жұмыс істейтіндерге демалыс күндері тек жексенбіде болады: 3, 10, 17 және 24 қараша.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: