Қазақстандықтар қандай балмұздақ жейді?

6 Маусым 2023, 22:40 1043

Қазақстандықтар қандай балмұздақты сүйіп жейтіні белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті тәтті десерт – балмұздаққа байланысты қызықты деректермен бөлісті.

Ел тұрғындары арасында түрік, француз және швейцариялық балмұздақ сұранысқа ие

Биыл қаңтар-сәуір айлары аралығында Қазақстан 910,8 мың АҚШ доллары доллар сомасына салмағы 234,2 тонна балмұздақ экспорттады. Үшінші елдерден (ЕАЭО-ға кірмейтін елдер) 1 852,9 мың АҚШ доллары сомасына 432,8 тонна импортталды. Соңғы 3 жылда балмұздақ экспорты 4 832,3 мың доллар сомасына 1 217,8 тоннаны құрады, импорт - 1 686,6 тонна, сомасы 6 453,2 мың долларға жетті, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Қазақстандық балмұздақтың негізгі сатып алушысы Өзбекстан болып отыр.    Сондай-ақ отандық балмұздақ Моңғолияға, Әзірбайжанға, Түрікменстанға және Тәжікстанға жіберіледі.

Бірақ елімізде шетелдік балмұздақ жоғары сұранысқа ие. Импорттаушылардың қатарында – Франция, Швейцария, Түркия, сондай-ақ Украина, Испания, Италия, Корея және Бельгия бар.

Сонғы жылы, әсіресе, елімізде Түркия елінен әкелінген балмұздақ жоғары сұраныста екен.

Берік Арманов
Бөлісу: