Turkish Airlines әуе компаниясының ұшағы ұшу жолағына түсер кезде өрт сөндіру көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қостанай тұрғыны Дарья Лысяк Instagram-дағы парақшасында жазды. Қазақстандықтың айтуынша, оқиға Ыстамбұл әуежайында болған.
Соқтығысудан әуе кемесі қанатының бір бөлшегі сынып қалған.
Бойжеткеннің сөзіне қарағанда, ұшақ әуежайда 20 минуттай әрі-бері жүріп, сонан соң жолаушылар күту залына жіберілген.