Қазақстандықтар ең көп ақы төлеген жолдар тізімі анықталды

8 Сәуір, 11:24 415

2025 жылдың басынан бері еліміздің көлік жүргізушілері ақылы жолдар арқылы 12 млн астам рет жүріп өтті. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұйым мәліметінше, жоғары сұранысқа ие жолдардың көшін Шымкент – Өзбекстан шекарасы (1,98 млн рет) бастайды.

Екінші орында Алматы – Қонаев (1,88 млн рет) күре жолы тұрса, алғашқы үштікке Шымкент – Тараз (1,2 млн рет) жолы енген.

Одан кейінгі тізім мынадай:

Тараз – Қайнар (1,02 млн)

Шымкент – Қызылорда (970 мың)

Алматы – Қорғас (929 мың)

Астана – Теміртау (768 мың)

Қонаев – Талдықорған (712 мың)

Щучинск – Көкшетау (613 мың)

Астана – Щучинск (609 мың)

 Астана – Павлодар (481 мың)

Көкшетау – Петропавл (361 мың)

Қызылорда – Арал (260 мың)

Павлодар – Семей – Қалбатау (225 мың)

Орал – РФ шекарасы (Самара) (183 мың)

Павлодар – РФ шекарасы (Омбы) (170 мың)

Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор) (124 мың)

Орал – РФ шекарасы (Саратов) (108 мың)

Қостанай – РФ шекарасы (Троицк) (90 мың)

 Бейнеу – Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) (28 мың).

Мадина Асылбекова
Бөлісу: