Қазақстандықтар азық-түлікке қанша ақша жұмсайды

6 Желтоқсан, 11:40 2156

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин 6 желтоқсан күні Сенаттағы парламенттік тыңдау барысында азық-түлік пен сусындарға жұмсалатын шығындар барлық тұтыну шығындарының шамамен 50% құрайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, тұтыну шығындарын зерттеу жүргізіліп жатыр.

Мысалы, 2022 жылы халықтың номиналды ақшалай табысында азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалатын шығындар үлесі 23,4%-ды құрады, 2023 жылы ол 22,2%-ға дейін төмендеді. Оның 8%-ы – тоқаш өнімдері мен жарма, шамамен 17% – ет, 5% – сүт және сүт өнімдері, 4% – көкөністер, жемістер, қант және кондитерлік өнімдер, – деді Жұманғарин.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: