Қазақстандық жеңіл атлет Дэйзи Джепкемей Францияда топ жарды

3 Қазан, 13:07 439

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының өкілі Дэйзи Джепкемей Францияның Бельфор қаласында өтіп жатқан жартылай марафонның жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол белгіленген межені 1 минут 07:54 секундта жүгіріп өтіп, бірінші болып келді.  

Екінші орынды Угандадан келген Аннет Челангат алды. Оның нәтижесі - 01:09:58.

Сонымен бірге эфиопиялық Меселу Кахсай қола жүлдеге ие болды (01:10:18).

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: