Қазақстандық жастар оқу жылында 10-12 кітап оқиды

11 Мамыр, 05:31 593

ҚазҰЭК кітапханасы ақпараттық жүйесінің көрсеткіші бойынша ең белсенді оқырмандар – жастар (51%), 27%-ы профессор мен оқытушылар құрамы, мемлекеттік қызметшілер және түрлі сала мамандары. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ең көп оқылатын әдебиет – салалық әдебиет (философия, медицина, математика, өнер және т.б.) – 69%, көркем әдебиет – 31%.

Егер статистикаға сүйенетін болсақ, медицина туралы кітаптарды – 23059, психология – 6918, дін – 2305, география – 12105 оқырман сұраған. Көркем әдебиет кітапхана оқырмандары арасында да сұранысқа ие.

Көркем әдебиетті түрлі жанрларға бөліп қарастырсақ, романдар – 33%, детективтер – 19%, тарихи беллетристика – 15%, қиял-ғажайып – 13%, шытырман оқиға – 12%, балалар әдебиеті – 8%.

Электронды кітапхананың (ҚазҰЭК) деректеріне сәйкес, осы жылдың бірінші тоқсанында оқырмандар кітаптарды – 1 331 503, мерзімді басылымдарды – 178 623, авторефераттар мен диссертацияларды – 81 524, аудио-бейне құжаттарды – 24 492 рет жүктеп оқыған және сайтқа әлемнің 102 елінен пайдаланушы кірген, - делінген мәліметте.

Қазақстандық жастар жылына орташа есеппен 10-12 кітап оқиды. Сүйіп оқитын кітаптар қатарында ХХ ғасыр мен қазіргі заманғы балалар жазушыларының шығармалары бар. Жастар арасында жауап берген респонденттердің көпшілігі жиі кітап оқиды. Мәселен, білім алу үшін – 55%, оқуды міндет ретінде қабылдайтындар – 5%, кітап оқуды ұнататындар – 40%.

Зарина Арман
Бөлісу: