Азия теннис федерациясы (ATF) мен Tennis Europe 14 және 16 жасқа дейінгілер арасында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Еуропа рейтингісінде 14 жасқа дейінгілер арасында Ярослав Пшеничный 64-орынға жайғасты. Михаил Мищенко 114-інші, Роберт Каминский 139-сатыда тұр.
Қыздар арасында Ева Корышева 59-орынға көтерілді. Томирис Нұржан - 173, Еркежан Жаңатаева 183-сатыда келеді.
Азия рейтингісінде 16 жасқа дейінгілер арасында Кәрім Темірлан бұрынғыша көш бастауда.
Қыздардан бес қазақстандық ТОП-10-ға кірді. Сафина Сафиулина - 2, Ариана Гогулина - 4, Даная Аманғажиева - 7, Полина Слепцова - 8 және Еркежан Жаңатаева 9-орында.