Қазақстандық велотрекші Азия чемпионатында күміс жүлде иеленді

19 Маусым 2023, 18:25 541

Бүгін Малайзияның Нилай қаласында тректегі велоспорттан Азия чемпионатының соңғы күні өтіп жатыр. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Қазақстандық Артем Захаров омниумнан өткен бәсекеде үздіктер қатарынан көрінді. Жарыс қорытындысы бойынша ол 122 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреді.

Бірінші орынды 139 ұпай алған Жапония спортшысы Эйя Хашимoто еншілесе, үшінші сатыда Оңтүстік Корея өкілі Пак Сан-Хун (119 ұпай) тұр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: