Қазақстандық велоспортшы Азия чемпионатында екінші орын алды

15 Маусым 2023, 22:09 614

Рамис Дінмұхаметов тректегі велоспорттан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Малайзияның Нилай қаласында тректегі велоспорттан Азия чемпионаты жалғасып жатыр.

Отандасымыз Рамис Дінмұхаметов із кесу жарысында күміс медальге қол жеткізді.

Айта кетейік, 30 елдің үздіктері жиналған сары құрлық додасы 19 маусымға дейін жалғасады.

Бұған дейін бəсекенің алғашқы күні Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста қола жүлдеге қол жеткізгенін хабарлағанбыз.

Жапония құрамасы чемпион атанса, күміс жүлде Қытайдың еншісінде.

Жарыс жолына бізден Əлішер Жұмахан, Артём Захаров, Дмитрий Носков пен Рамис Дінмұхамедов шықты. Олар 4 шақырымды 4:00.4 секундта жүріп өтті.

Перизат Саденова
Бөлісу: