Қазақстандық ҰОС ардагерлері басқа елдерге қарағанда анағұрлым көп көмек алады

6 Мамыр, 16:30 757

Елімізде Ұлы Отан соғысының 148 ардагері тұрады. Олардың барлығы 9 мамырға орай жергілікті бюджет есебінен біржолғы ақшалай төлемдер алды. Көмектің орташа мөлшері 1,7 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасында басқа елдермен салыстырғанда Жеңіс күніне арналған біржолғы әлеуметтік төлемнің ең үлкен мөлшері – орта есеппен $3,8 мың.

Мәселен, Тәжікстанда 24 ҰОС ардагері тұрады, оларға тағайындалған төлем көлемі – $2,2–2,3 мың, Өзбекстанда – $1,5 мың, Беларусьте 1,1 мың ардагердің әрқайсысына – $1,2 мың, Әзербайжан мен Қырғызстанда – $1,1 мың, Ресейде бұл мақсаттарға көзделген сома көлемі төмен. Онда 12,5 мың ардагерге $107 мөлшерінде төлем берілді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: