Қазақстандық университетте шамдарға сынақ жасайтын алғашқы зертхана ашылды

13 Қазан, 13:29 411

Сәтбаев Университетінің Физика-техникалық институтында шамдардың барлық түрлеріне сынақ жасайтын Қазақстандағы алғашқы аккредиттелген зертхана өз жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зертхана СНИП және ГОСТ стандарттарына сәйкестікті анықтай отырып, өнеркәсіптік және көшелік, тұрмыстық жәнеарнайы жарықтандыру құрылғыларын сынақтан өткізу бойынша қызмет көрсетеді.

Зертхана өндірушілер мен тұтынушыларға жарық ағынының таралу диаграммасын, біріктірілген жарық ағынын, түс температурасын, түсті көрсету индексін, қуат пен жарық тиімділігін қоса алғанда, шамның жалпы өнімділігі туралы нақты деректерді білуге көмектеседі. Зертхана сонымен қатар бірегей қызмет – дизайнерлер үшін ES файлдарын жасауды ұсынады, бұл жарықтандыру жобаларын әзірлеушілер үшін оның пайдасын арттырады.

Зертхана қызметтері осы өнімді өндірушілер үшін өте пайдалы болмақ, өйткені олар өнімнің сапасымен олардың мәлімделген сипаттамаларға сәйкестігіне мән береді.

Сондай-ақ зертханакөшелерді жарықтандыруға арналған жабдықтарды сатып алумен айналысатын мемлекеттік органдаржәне әкімдіктер сияқты ірі тұтынушылар үшін маңызды серіктеске айналары сөзсіз.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: