Қазақстандық турист Италияда вандализм үшін ұсталды

23 Маусым, 14:18 737

Қазақстандық турист Италияда Помпей археологиялық саябағында Цейлер үйіндегі қабырғаға ALI деп есімін жазған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Археологиялық саябақ директоры қазақстандық айыппұл төлеумен қатар үйдің қабырғасын қалыпқа келтіруге мәжбүр болатынын мәлімдеді.

«Yeni Şafak» басылымының мәліметінше, әзірге шығын көлемі нақты аталған жоқ, ол техникалық сараптамадан соң анықталады.

Бұл үй самнит кезеңіне, яғни біздің заманымызға дейін ІІ ғасырға жататыны дәлелденген.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: