Қазақстандық теннисшінің ойынын тамашалауға Зинедин Зидан келді

31 Шілде, 19:44 516

Париж Олимпиадасында қазақстандық үстел теннисшісі Кирилл Герасименко жарысты аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осылайша отандасымыз Олимпиада ойындарының 1/4 финалына шыға алмады. Үстел теннисінен сынға түскен ол Мысыр өкілі Омар Ассадқа 2:4 (11:8, 11:6, 10:12, 10:12, 9:11, 3:11) есебімен есе жіберді. 

Айта кететін жайт, Герасименконың ойынын атақты әлемнің футболшысы Зинедин Зидан тамашалаған болатын. Алайда отандасымыз сын сағатта өз шеберлігін көрсете алмады. 

Перизат Саденова
Бөлісу: