Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирдің іріктеу сайысында өнер көрсетуде

27 Ақпан 2023, 13:00 1093

Елордада Ұлттық теннис орталығында 27 ақпан – 12 наурыз аралығында өтетін ITF World Tennis Tour «BeeTV 40 Women's» турнирінің іріктеу сайысында бес қазақстандық теннисші өнер көрсетуде, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Елімізде әйелдер арасында өтетін алғашқы ірі жарыстың іріктеу кезеңі басталды. Жарысты ұйымдастырушылар іріктеу сатысына қазақстандық жас теннисшілерді де арнайы шақырды. 

Дана Байдәулет бастапқы кездесуін, іріктеу кезеңін ресейлік Анастасия Гасановамен өткізді.

Анастасия Гасанова 6:0 және 6:2 есебімен жеңіске жетті. 

Жуырда ғана ересектер арасында Қазақстан чемпионы атанған 14 жасар Ариана Гогулина Беларусь өкілі Юлия Готовкомен ойнады.

Алайда жерлесіміз Ариана Гогулина қарсыласы Юлия Готовкодан 6:2, 6:3 есебімен жеңіліп қалды.

Келесі кезекте Альбина Кәкенова ресейлік Ксения Ласкутовамен сайысқа түсуде.

Одан кейін Мария Синицына мен Жанель Рүстемова ресейлік Татьяна Прозорова мен Екатерина Яшинаға қарсы ойнайтын болады. 

Ажар Лаубаева
Бөлісу: