Қазақстандық теннисшілер «Челленджер» турнирінің ширек финалына шықты

14 Маусым, 18:38 596

Қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко «Челленджер» сериясындағы турнирдің ширек финалына шықты. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кукушкин Ноттингемдегі (Ұлыбритания) турнирдің ширек финалына өтті. Ол екінші айналымда франциядық Гарольд Майоны 7:6 (7:3), 6:3 есебімен жеңді.

Дмитрий Попко Братиславадағы (Словакия) турнирде хорватиялық Матей Додигті 6:1, 6:4 есебімен ұтты.  Ол ширек финалда польшалық теннисшімен кездеседі. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: