Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов US Open турниріне жолдама алды

23 Тамыз, 10:52 439

Қазақстандық теннисші, әлемнің 190-ракеткасы Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионатының іріктеу сайысын сәтті аяқтады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 104-ракеткасы, ұлыбританиялық Билли Харриспен негізгі доданың жолдамасын сарапқа салды.

Бірінші партияда Харрис 6:4 есебімен басым болған.

Есесіне екіншісінде Скатов азулы қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ – 6:0.

Үшінші, шешуші сетте Тимофей матчты жеңіспен түйіндей білді – 6:3.

Осылайша, Скатов US Open турнирінің негізгі айналымында бақ сынайды. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: