Қазақстандық теннисші Таиландтағы турнир чемпионы атанды

28 Тамыз 2023, 17:29 945

Қазақстандық Григорий Ломакин Накхонситхаммаратта (Таиланд) өткен ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дүниежүзілік рейтингте 1057-орында тұрған қазақстандық теннисші жүлде қоры 15 мың АҚШ долларына бағаланған жарыс барысында бес теннисшіні тізе бүктірді.

Финалда 25 жастағы Г.Ломакин әлемнің 680-інші, доданың 3-ракеткасы Касидит Самреймен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда қазақстандық спортшы тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (7:2). Екіншісінде 4:6 есебімен есе жібергенімен, шешуші сетте жеңісті жұлып алды – 6:3.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: