Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің ширек финалына шықты

27 Наурыз, 16:29 587

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев (АТР 215) Мексиканың Морелия қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жұқаев 1/8 финалда бразилиялық Фелипе Мелигени-Альвесті (АТР 176) 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңді.

Жартылай финалға шығу үшін Бейбіт швейцариялық Марк-Андреа Хюслермен (АТР 172) кездеседі.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: