Қазақстандық теннисші Мадридтегі турнирде топ жарды

Бүгiн, 14:55 216

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева мен италиялық Николь Фосса Уэрго Испанияның Мадрид қаласында өткен W100 сериялы турнирдің жұптық сайысында чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Финалда олар испаниялық Марина Бассольс пен Андреа Ласаро Гарсияны жеңді. Бірінші сетте қарсыластары басым түсті — 7:6 (9:7). Екінші сетте Жібек пен Николь жеңіске жетті — 7:6 (7:4).

Кездесудің тағдыры шешуші тай-брейкте шешілді. Бұл жерде Қазақстан мен Италия теннисшілері 10:4 есебімен жеңіске жетті.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: