Қазақстандық теннисші Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен дуэтте «Челленджер» турнирінде жеңіске жетті. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық-эквадорлық жұп Испанияның Жирона қаласында өткен Girona Costa Brava жарысында бірінші нөмірмен өнер көрсетті. Теннисшілер финалда француздар Хонатан Эйссерик /Альбано Оливетти жұбын 7:6 (7:2), 6:4 есебімен ұтты.
Турнирдің сыйақы қоры – 120 мың еуро.
Осылайша, Недовесов «Челленджер» турнирінде 28-чемпиондық атағына қол жеткізді. Оның ішінде үшеуін жекелей сында, қалған 25-ін жұптық сында ұтып алды.