Қазақстандық теннисші Анна Данилина Гонконгтегі турнирдің жұптық сынында екінші матчын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ресейлік спортшы Александра Пановамен жұп құрған жерлесіміз ресейлік дуэт Софья Лансере — Камилла Рахимовадан екі сет қорытындысы бойынша басым түсті – 6:3, 7:6.
Кездесу бір сағат 26 минутқа созылды. Бұл кездесу турнирдің ширек финалы аясында өтті.
Естеріңізде болса, жерлесіміз фин Харри Хелиоваармен жұпта АҚШ Ашық біріншілігінде (US Open) чемпион атанды.
Анна – жұптық сында әлемнің 32-ші, ал еліміздің бірінші ракеткасы.