Қазақстандық теннисші Бахрейндегі турнирде топ жарды

17 Ақпан, 23:45 916

Қазақстандық, әлемнің 231-ракеткасы Михаил Кукушкин Манама (Бахрейн) челленджер турнирінің жеңімпазы атанды. Бүл туралы Kazinform-ға сілтеме жасай отырып El.kz хабарлайды.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 130-ракеткасы, франциялық Ришар Гаскемен бас жүлдені сарапқа салды.

М.Кукушкин бірінші партияда тай-брейкте басым түсті – 7:6 (7:5). Содан кейін екінші сетті де алды – 6:4.

Бір сағат 45 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Кукушкин 2 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Р.Гаске 3 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.

Михаил Кукушкин осы табысының арқасында ATP Live рейтингісінде бірден 162-орынға көтеріліп тұр.

Перизат Саденова
Бөлісу: