Қазақстандық су саласының мамандары Жапонияда білім алып келді

22 Тамыз, 22:48 405

Қазақстандық су саласының мамандары Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің қолдауымен Жапонияда екі айлық курстан өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу курсында cуды тазартудың озық технологиялары, су тазарту қондырғыларының құрылысын жоспарлау және басқару, су тарату құбырлар желісін компьютерлік бақылау және су сұранысын болжау тақырыптары бойынша дәріс оқылды. 

Курс бағдарламасы өте ауқымды болды. Дәрістерден бөлек, су тарату құбырларын жалғау және жөндеу, судың сынамасын алу және тағы да басқа тақырыптарда практикалық жаттығулар орындадық. Алдағы уақытта, Жапония елінен жинаған тәжірибемді тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ететін мекеме қызметкерлерімен бөлісуді жоспарлап отырмын, - деді Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының Су пайдалануды басқару және реттеу бөлімінің бас маманы Фариза Маденова.
Сондай-ақ, Саппоро, Сендай, Кобе және Токио қалаларындағы су тазалау станцияларына, болат және пластмасса құбырлар шығаратын зауыттарға іссапар ұйымдастырылды.
Зарина Арман
Бөлісу: