Қазақстандық спортшылар осы аптада қандай жарыстарға қатысады

31 Наурыз, 03:29 467

Туризм және спорт министрлігі 31 наурыз – 6 сәуір аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

31 наурыз – 2 сәуір: Гір көтеруден жастар мен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты

Жарысқа 16 өңірден 130 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Астана қаласы.

1-7 сәуір: Фристайл-акробатикадан Еуропа кубогі кезеңі

Бұл турнирде ел намысын 3 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Айроло қаласы, Швейцария.

1-7 сәуір: Грэпплингтен Қазақстан кубогі

Турнирде еліміздің 20 өңірінен келген 1000 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Астана қаласы.

1-8 сәуір: Суға секіруден Poland Diving Cup турнирі

Халықаралық жарысқа Қазақстан құрамасынан 5 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Жешув қаласы, Польша.

1-11 сәуір: Стенд атудан Әлем кубогі

Кубок жолындағы бәсекеде 9 отандасымыз сынға түседі.
Өтетін орны: Буэнос-Айрес қаласы, Аргентина.

3-7 сәуір: Таеквондодан Сербия ашық чемпионаты

Турнирге Қазақстан құрамасының 9 спортшысы қатысады.
Өтетін орны: Белград қаласы, Сербия.

5-6 сәуір: Кекушинкай каратэ-додан ел чемпионаты

Жарыста 15 өңірден 250 спортшы өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Ақтөбе қаласы.

5-6 сәуір: Пара таеквондодан Қазақстан кубогі

Турнирге 12 өңірден 49 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Шымкент қаласы.

5-7 сәуір: Теңге ілуден II Азия кубогі

Сары құрлық додасында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Татарстан, Түрікменстан, Өзбекстаннан келген 20-дан астам спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Шымкент қаласы.

Асқар Таудай
Бөлісу: