Қазақстандық спортшылар курашты 13 жүлдемен қортындылады

10 Қыркүйек, 20:13 374

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өзбек халқының ұлттық спорты кураштан екінші жарыс күні аяқталды. Екінші жарыс күнінің қортындысы бойынша қазақстандық 7 балуан медаль иегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кураштан қазақстандық 7 спортшы жартылай финалға жолдама алып, оның төртеуі ақтық сынға жолдама алды. Өкінішке қарай, екінші жарыс күні отандық спортшыларға алтын бұйырмады. Осылайша, қазақстандық балуандар 4 күміс, 3 қола жүлде иеленді.

1.    Марат Нигматуллаев – қола жүлде (ерлер арасында 60 келі салмақ дәрежесі)
2.    Ернұр Сүлейменов – күміс жүлде (ерлер арасында 60 келі салмақ дәрежесі)
3.    Айбек Қазақбаев – күміс жүлде (ерлер арасында 66 келі салмақ дәрежесі)
4.    Толғанай Абеуова – күміс жүлде (әйелдер арасында 57 келі салмақ дәрежесі)
5.    Алтынай Нұрханова – қола жүлде (әйелдер арасында 57 келі салмақ дәрежесі)
6.    Нұрдін Шаймерден – күміс жүлде (ерлер арасында 73 келі салмақ дәрежесі)
7.    Әділет Ахметғали – қола жүлде (ерлер арасында 73 келі салмақ дәрежесі)

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күні қазақстандық 6 спортшы кураштан жартылай финалға жолдама алып, үшеуі ақтық сында бақ сынады. Ал жалпы кураштан Қазақстан құрамасы 1 алтын, 6 күміс 6 қола жүлдеге ие болды.

Зарина Арман
Бөлісу: