Қазақстандық спортшылар Азиаданың қола жүлдесін иеленді

8 Қазан 2023, 12:19 593

Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарының соңғы жарыс күнінде қазақстандық спортшылар артистік жүзуден командалық сайыста үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі

Отандық спортшылар сайыс барысында 663.7417 балл жинап, қола жүлдеге қол жеткізді. Бірінші орынға Қытай (868.9676) ие болса, Жапония (831.2535) екінші орынға тұрақтап отыр. 

Бұл - қазақстандық спортшылар қол жеткізген 79-ші жүлде. Қазірге дейін ел құрамасы жалпы командалық есепте 10 алтын, 21 күміс, 48 қоламен турнир кестесінде 9-орында тұр. 

 

Асқар Таудай
Бөлісу: