Жастар арасында триатлоннан Азия чемпионатында спринттен жарыс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жапонияның Гамагори қаласында өтіп жатқан сында қазақстандық Александр Тен топ жарды.
Сынға 750 метрге жүзу, 20 шақырымға веложарыс және бес шақырымға жүгіру кірді.
Жерлесіміздің көрсеткіші - 58 минут және 40 секунд.
Аламанға оннан астам елден 40 шақты спортшы қатысты.