Қазақстандық спортшы грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

29 Қазан 2023, 03:23 671

Албания астанасы Тиранада грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Сұлтан Әсетұлы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Финалда түркиялық Мұстафа Йылдырыммен белдескен Сұлтан 67 келіге дейінгі салмақта үздік шықты.

Тағы бір қазақстандық балуан Исхар Курбаев 55 келіге дейінгі салмақта финалға жолдама алды. Ол жартылай финалда Еуропа чемпионы, түркиялық қарсыласын жолдан тайдырды. Исхар енді алтын жүлдеге таласады.

Берік Арманов
Бөлісу: