Қазақстандық спортшы байдарка мен каноэде ескек есуден әлем чемпионы атанды

10 Шілде 2023, 09:36 1162

Руфина Искакова байдарка мен каноэде ескек есуден әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Италияның Ауронцо-ди-Кадоре қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында байдарка мен каноэде ескек есуден әлем чемпионаты жалғасуда.

Қазақстандық Руфина Искакова 23 жасқа дейінгілер арасында С-1 санатында 5000 метрлік сайыста 30:18.59 секунд көрсеткішпен үздік атанды.

Молдавиялық Елена Глизан күміс жүлдеге ие болса, Иран өкілі Хадие Хейрабади үздік үштікке енді.

Сонымен қатар отандасымыз Мария Бровкова 18 жасқа дейінгілер арасында С-1 санатында 200 метрге жарысудан мәре сызығына екінші болып жетті.

Айта кетейік, додаға 65 елден 938 спортшы қатысып жатыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: