Қазақстандық шпагашылар Венгриядағы Гран-приге қатысады

12 Наурыз, 22:42 491

Қазақстан ерлер құрамасы шпагамен семсерлесуден Будапештте (Венгрия) өтетін Гран-при кезеңіне қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰОК мәліметінше, халықаралық турнирде 11 қазақстандық шпагашы жүлде үшін сайысқа түседі.

Венгрияда ел намысын қорғайтын спортшылар: Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаймов, Ерлік Сертай, Руслан Курбанов, Нұржан Әбжанов, Георгий Тинников, Богдан Лукин, Кирилл Проходов, Александр Федотов, Кирилл Павлов, Никита Жулинский.

Айта кетейік, Гран-при кезеңі 14-16 наурыз аралығында өтеді.

Асқар Таудай
Бөлісу: