Қазақстандық шахматшы әлем чемпионы атанды

16 Қазан 2023, 15:31 899

17 жастағы Ксения Балабаева Италияда шахматтың блиц түрінен өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем біріншілігі Италияның Пула қаласында өтіп, қазақстандық ұжым бес медаль жеңіп алды.

Блицтен әлем чемпионатында Ксения – алтын, Әмина Қайырбекова – күміс және Арыстан Исанжұлов қола медаль иеленді, - делінген федерацияның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Мұның алдында Ксения Балабаева мен Зейнеп Сұлтанбек жылдам шахматтан әлем чемпионатында күміс пен қола жүлдені жеңіп алды!

Назерке Нұрғали 4-орынға, ал Лия Құрманғалиева лайықты өнер көрсетіп, 5-орынға ие болды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: