Қазақстандық Шадрак Кимутай Коеч Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

14 Шілде 2023, 03:24 924

Бүгін Таиланд астанасы Бангкокта жеңіл атлетикадан XXV Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сары құрлық додасының алғашқы күні Ұлттық құрама қоржынына жүлде түсті. Ерлер арасында 10 000 метрге жүгіруде қазақстандық Шадрак 29:31,63 уақыт көрсетіп, екінші орынға табан тіреді.  Жапондық Рен Тазава чемпион атанса, қола медаль үндістандық атлет Пал Абхишекке бұйырды.

Қазір Қазақстан құрамасы жалпы есепте 4-сатыда тұр. Айта кетейік, 16 шілдеге дейін жалғасатын Азия чемпионатында ел намысын 31 спортшы қорғап жатыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: