Қазақстандық семсерлесуші француз спортшысын жеңді

28 Шілде, 17:48 717

Семсерлесуден Ұлттық құрама спортшысы Эльмир Әлімжанов Париж Олимпиадасының 1/16 кезеңінде жеңіске жетті. Отандасымыз жарыс қожайыны, француз спортшысы Луиджи Мидельтоннан басым түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарыс қорытындысы бойынша Эльмир Әлімжанов 15-14 есебімен келесі кезеңге өтті. 

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Луиджи Мидельтон Олимпиада жеребесі кезінде 8-номер саналған. Ал отандасымыз 25-сатыда болды.

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: