Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше, азаматтар енді көрші аудандарда әскери борышын өтей алады. Мысалы, Павлодар облысының әскерге шақырылушылары Өскеменде немесе Семейде қызмет ете алады.
Яғни әскерлерді жеке құраммен толықтыру әскери бөлімдер мен құрамалар орналасқан (қалыптасқан) аудандардан тыс тұратын әскерге шақыру контингенттері есебінен жүзеге асырылады. Бірақ биыл қараша мен желтоқсан айлары аралығында және Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы жасақталған кезде ғана эксаумақтылық қағидаты өз саласының құзыретінде болады, - делінген баспасөз хабарламасында.
Осылайша әскерилер әскерге шақырылушылар мен олардың ата-аналарының пікірлерін ескерді.