Қазақстандық садақшылар Азия Кубогында төрт медаль жеңіп алды

19 Наурыз 2023, 17:25 1015

Қытайдың Таоюань қаласында садақ атудан Азия Кубогы өтуде

Бүгін Қытайдың Таоюань қаласында садақ атудан Азия Кубогының 1-кезеңі аяқталды. Қазақстандық мергендер соңғы жарыс күні 3 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап. 

Әуелі құралмалы садақпен (Compound bow) нысана көздеуден Қазақстан әйелдер құрамасы финалда Үндістанға есе жіберіп (215-227), күміс жүлдегер атанды. Ел намысын бұл жолы Виктория Лян, Адель Жексенбинова мен Роксана Юнусова қорғады.

Ал Роксана Юнусова мен Андрей Тютюн аралас жұптар арасында (құралмалы садақ) ақтық сында Таиланд спортшыларын жеңіп (152-151), алтыннан алқа тақты. Алайда Ильфат Абдуллин мен Алина Ілиясова дуэті аралас бағдарламада (классикалық түрі) бас жүлде жолында Бангладеш құрамасынан жеңіліп қалды. Есеп: 3-5.

Осылайша, біздің мергендер Таоюань қаласында 1 алтын, 2 күміс пен 1 қола жүлдеге қол жеткізді. Кеше құралмалы садақпен (Compound bow) нысана көздеуден Қазақстан ерлер құрамасы үздік үштікті түйіндеген.

EL.KZ
Бөлісу: