Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға барады

8 Ақпан 2023, 10:15 1908

Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға барады, деп хаабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді.

Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының тағы бір борты жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейту үшін Түркияға ұшады.

Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді. Екінші эшелон құрамында жеке құрамнан 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық есептері бар.

ТЖМ жедел әрекет ету күштерінде авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтардың 150-ге жуық және дәрі-дәрмектердің 160-тан астам түрі бар.

Жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі орталық штабпен келісе отырып, Қазақстан ТЖМ екінші тобы Газиантеп қаласындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қосылатын болады. Түркияға тартылған қазақстандық құтқарушылардың жалпы саны 100 адамды құрайды.

Бүгін мемлекет басшысы Қазақстан Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар беретіндігін мәлімдеген болатын.

Кеше Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонған еді.

EL.KZ
Бөлісу: