Қазақстандық құтқарушылар шабуыл сатысы бойынша көтерілуден жаңа рекорд орнатты

7 Қыркүйек, 21:33 381

Қытай Халық Республикасының Харбин қаласында өрт-құтқару спортынан ерлер арасындағы XIX әлем чемпионатының бірінші кезеңі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екінші алдын ала жарысы барысында Қазақстан Республикасы ерлер ұлттық құрамасының спортшысы Текенов Бауыржан 13,3 секунд нәтижесімен Қазақстан Республикасының Ұлттық рекордын орнатты.

Командалық есепте Қазақстан Республикасының ерлер ұлттық құрамасы чемпионат иелері Қытайға қоладан 0,9 сек айырмашылықпен ұтылып, 4 орынға ие болды.

Перизат Саденова
Бөлісу: