Қазақстандық қос спортшы әртістік жүзуден Әлем кубогінде күміс жүлдегер атанды

6 Шілде, 06:30 916

Мажарстан астанасы Будапешт қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогінің суперфиналы өтіп жатыр. Байрақты додада қазақстандық қос спортшы жұптық сында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жұбы аралас техникалық бағдарламада 139.7150 ұпай жинап, екінші орыннан көрінді. Испания өкілдері (146.1200) чемпион атанса, қола италиялық споршыларға (131.9200) бұйырды.

Додада тағы бір отандық Артур Майданов, Валерия Столбунова жұбы 6-сатыға жайғасты. Олардың еншісінде 118.2300 ұпай бар.

Айта кетейік, спорттық жарыс 7 шілдеге дейін жалғасады. Әлем кубогінде22 елден келген 121 спортшы бақ сынауда.

Перизат Саденова
Бөлісу: