Қазақстандық полицейлер бір күнде аязда қалған 2 мыңнан астам азаматты құтқарды

15 Желтоқсан 2023, 10:52 850

ҚР ІІМ елімізде 50-ге жуық халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар жол учаскесі жабық екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тәулік бойы Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облысы, Ақмола мен Жетісу облыстарының полицейлері жолдарда ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккен адамдарға көмек көрсетіп жатыр. 331 жылыту пункті жұмыс істеп тұр, онда тәртіп сақшылары 2013-ке жуық адамды эвакуациялады, - делінген мәліметте.

Тек 14 желтоқсанның өзінде 2660 азаматқа көмек көрсетілді, оның ішінде 118 бала бар. Полицейлер болуы мүмкін ауыр жол-көлік оқиғаларының алдын алды.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге қатты аяздан қатып қалған жанар-жағармайды қалыпқа келтіруге, көлікті жөндеуге көмектесті. Сондай-ақ қатты аязда ыстық шай беріп, жылытуға тырысты.

Сонымен қатар жолды көру деңгейі нашарлағанда автоколонналарды сүйемелдеу ұйымдастырылған.

Ауа райы нашарлаған сәттен бастап полицейлер 3100-ге жуық адамды құтқарды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: